$ 444.32  473.33  4.76

Таразда ұрыны тәртіп сақшылары 30 минутта қолға түсірді (ВИДЕО)

Ол 120 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Тараз қалалық жол полициясы батальонының қызметкерлері 33 жастағы ұрыны 30 минутта ұстады, деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Ұсталған ер адам 120 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткен. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, заттай дәлелдемелер алынды.

Жәбірленуші құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көшедегі қарақшыны жедел ұстағаны үшін және қымбат гаджетті қайтарғаны үшін шынайы алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тараз #ұрлық