7 қазан күні Екібастұздағы Королев көшесінің ауласында 52 жастағы ер адам көршінің балконы арқылы өз балконына өрмелеп шықпақ боп, қайтыс болды, деп жазады pavon.kz.
Марқұмның әйелі жұмыстан кеш қайтатын болған. Кілті болмаған ер адам әйелін күтпестен үйіне кіргісі келген. Алайда ол алған ауыр жарақатынан жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмған.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.