Забайкалдың Хилок ауданында аю әйелді талап өлтірді. Бұл туралы ауданның бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі мәлімдеді.Қайғылы оқиға бір күн бұрын Тэрэпхэн ауылынан 100 метр жерде болған, деп жазады BAQ.KZ.
«1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. Оның денесінде сау жер жоқ, әбден шайнап тастаған», - делінген диспетчерлік қызметітң мәліметінде.
Забайкал аймағында жаздың соңынан бері елдімекендерге жиі кіретін болған. Олар ауылдағы омартаны қиратып, иттерді бірнеше рет өлтірген. 5 қазан күні Оймяк ауданында Якутия мемлекеттік жиынының бұрынғы депутаты Александр Крыловтың аю шабуылынан өлгені хабарланған еді.