$ 498.34  519.72  4.85

Сочи – Мәскеу рейсінде жолаушы қайтыс болды

Сочи-Мәскеу бағдарындағы ұшақ Воронеж әуежайына қонды.
Фото: kipmu.ru
Фото: kipmu.ru

Сочи – Мәскеу рейсі бағдарындағы Utair әуе компаниясының ұшағы бортында бір жолаушының қайтыс болуына байланысты Воронеж әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне әуежайдың баспаөз хатшысы Наталья Шермина хабарлаған. Сочи-Мәскеу бағдарындағы ұшақ Воронеж әуежайына қонды. Бортта жолаушы көз жұмған. Қазір тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ұшаққа ешкімді кіргізбеуде»,- деп мәлім етті Шермина.

Оның дерегінше, бортта 178 жолаушы болған. Олар әуежайға орналастырылды. Әуежай өкілінің сөзіне қарағанда, ұшақ Мәскеу уақытымен 15:34-те қонған.

Көз жұмған жолаушы - 60 жастағы ер адам.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары