Сочи – Мәскеу рейсі бағдарындағы Utair әуе компаниясының ұшағы бортында бір жолаушының қайтыс болуына байланысты Воронеж әуежайына қонуға мәжбүр болды.
Бұл туралы ТАСС агенттігіне әуежайдың баспаөз хатшысы Наталья Шермина хабарлаған. Сочи-Мәскеу бағдарындағы ұшақ Воронеж әуежайына қонды. Бортта жолаушы көз жұмған. Қазір тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ұшаққа ешкімді кіргізбеуде»,- деп мәлім етті Шермина.
Оның дерегінше, бортта 178 жолаушы болған. Олар әуежайға орналастырылды. Әуежай өкілінің сөзіне қарағанда, ұшақ Мәскеу уақытымен 15:34-те қонған.
Көз жұмған жолаушы - 60 жастағы ер адам.
Дереккөз: ҚазАқпарат