$ 445.66  474.58  4.78

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Германиядағы фестивальге қатысуда

"Еуропада өтіп жатқан кезекті фестивальге біздің "Мұзбалақ" қатысып жатыр.
Фото: BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

"Мұзбалақ" анимациялық фильмі қазанның 7 мен 13 аралығында Германияның Хемниц қаласында өтіп жатқан 24-Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған Schlingel кинофестивалінің негізгі байқауына қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фильмді ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген. Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мəдениеті туралы сыр шертетін анимациялық фильм бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды. 

"Еуропада өтіп жатқан кезекті фестивальге біздің "Мұзбалақ" қатысып жатыр. Бұл еуропалықтардың отандық анимацияға деген қызығушылығының белгісі. Сондықтан да "Мұзбалақ" қанатын кеңге жая берсін, сəттілік тілеймін", - деді «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық бірлестігінің жетекшісі Адай Əбілда. 

Schlingel фестивалін Германияның балалар мен жасөспірімдер жөніндегі Саксон қызметі ұйымдастырған. Фестиваль ұраны – "Киноны халыққа жеткізу". Байқаудың басты мақсаты – шет аймақтарда тұратын жастарды кино əлеміндегі жаңалықтармен таныстыру, сондай-ақ кино өнері арқылы жасөспірімдерге тəлім-тəрбие, білім беру. 

Естеріңізге сала кетсек, былтыр "Мұзбалақ" фильмі Қазақстанның кинематографистер одағы тағайындаған "Құлагер" сыйлығы – "Үздік анимациялық фильм" жүлдесімен марапатталған. Сонымен қатар, анимациялық туынды Ресейде өткен XVII Халықаралық "Алау рухы" атты дебюттік фильмдер кинофестивалінің жасөспірімдер мен балаларға арналған байқауына жəне Чехияның Злин қаласында өткен 59-балалар мен жасөспірімдерге арналған "Панорама" фестивалінен жүлделі оралды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары