Геннадий Головкин жекпе-жектерден уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
5 қазан күні Нью-Йоркте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.
BoxRec.com басылымының хабарлауынша, осы жекпе-жектен кейін Нью-Йорк штатының Атлетика комиссиясы Головкиннің рингке шығуына тыйым салды. Тыйымның мерзімі белгіленбеген. Бұл «шеттетудің» себебі – спортшы атаулының қайта бабына келуі үшін жасалатын медициналық тұжырым.