Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен тың ақпараттармен бөлісетін Елбасы "Инстаграмының" арнайы айдарында жаңа видео жарияланды. Роликте Қазақстанның Тұңғыш Президенті 1958 жылы институтқа түсуге тырысқанын, бірақ түспей қалғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
58 жылдар медалі барлар да емтихан тапсыратын кез еді. Мен сол кезде бірінші рет парамен кездескенмін. Алматыда ешқандай танысымыз жоқ еді. Әкемнің менің балам оқуға түсіп жатыр деп барып айтатын адамы болған жоқ. Ол тек бұзауын сатты. 2300 рубль, осы ақшаның барлығын беріп: "Бар, оқы" деді. Мен конкурстан өте алмадым.
Өкініш болды. Бұл мен үшін алғашқы соққы еді. Бұған дейін барлығы дұрыс болатын. Барлық пәндерді білгендіктен, мұндай болады деп ойламадым.
Мен химия факультетіне түскеннен кейін сол бір химик бірінші пәннен емтихан тапсырып жатқан кезде-ақ мені ұстап қалды. Ол оқытушы, әрі декан еді. Ол менің оқуға түсуімді қадағалады. Себебі мен химик болғалы жүрдім. Ол менен білімді көрді. Ол маған жылап тұрып: "Сені бір іс үшін құлатады" деді.
Мен оған бұлай болу мүмкін емес екенін айттым. Сыртқа шықтым, тізімде жоқпын. Қарасам, сол жерде Киев азаматтық әуе флотының институтына қабылдау ілініп тұр.
Құжаттарымды көрсеткен кезде мені ұстап алды. Ең бастысы үйге қайтпасам болды. Мені әуежайға әкелді, медициналық тексерістен өттім, қолыма өздері сатып алған билет берді. Киевке оқуға баруға болады. Қоштасу үшін үйге келгенмін, менің ұшқыш болатынымды естігенде не болмады?!
Барлық ауыл жиналды, анам көзіне жас алды. Мен келіспеген кезде "Сені қарғаймын" деді. Ананың қарғысын өтеу мүмкін емес. Біз солай тәрбиелендік. Жіберген жоқ. Бірақ мен бәрібір Шамалғанда қалмайтынымды айттым", - деді Елбасы.