$ 444.22  476.38  4.82

Теміртауда орналасқан металлургиялық комбинатта өрт болды (ВИДЕО)

Болат құюмен айналысатын компанияның баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес төтенше жағдай №3 табақша металды илемдейтін цехтың клеттік станында болған.

7 қазан күні кешке Қарағанды облысы Теміртауда орналасқан "АрселорМиттал Темиртау" АҚ металлургиялық комбинатында өрт болды, деп хабарлады Baigenews.kz.

Болат құюмен айналысатын компанияның баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес төтенше жағдай №3 табақша металды илемдейтін цехтың клеттік станында болған. Жұмысшылар бірден эвакуацияланды. 

"Өрт шарпыған аумақ шамамен 150 шаршы метрді құрады. Өрт ауыздықталды. Төтенше жағдайдың себептері анықталуда. Қуанышқа орай комбинаттың бірде бір жұмысшысы зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады "АрселорМиттал Темиртау" металлургиялық комбинатының баспасөз қызметі. 

Компанияның баспасөз қызметі аталмыш цехтағы жұмыстардың тоқтатылуы туралы мәлімет бермеді. Өрт салдарынан компанияға келтірілген шығын сомасы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары