$ 494.87  520.65  4.91

Тойдан кейін алданғанын білген қалыңдық шығынға батты

Қалыңдықтың анасының айтуынша, тойға үш миллион бат (шамамен 38 млн теңге) жұмсалған.
фото: bangkokpost.com
фото: bangkokpost.com

Таиландта өзінің бай екенін айтып, қымбат той жасаған күйеу жігіт жоғалып кетті. Қалыңдық қарызға батты, деп хабарлайды Bangkok Post-қа сілтеме жасаған sputniknews.kz.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Да есімді 30 жастағы Таиланд тұрғыны наурыз айында 50 жастағы ер адаммен танысқан. Ол Гонконгтағы ірі компанияның бас директоры екенін айтқан. Бірден қызға ұсыныс жасапты.

Мамыр айында жұп үйлену тойын өткізді. Тойдан кейін күйеу жігіт шұғыл шаруамен Гонконгқа кететінін айтыпты. Сол кеткеннен оралмады.

Қалыңдықтың анасының айтуынша, тойға үш миллион бат (шамамен 38 млн теңге) жұмсалған. Алайда, той ұйымдастырушылары 300 мың бат (үш миллион теңгеге жуық) қаражат жұмсалғанын айтты.

Алданған қалыңдыққа той өткен қонақүй қарызды бөліп төлеуді ұсынды. Ал, той ұйымдастырушы сотқа берген. Жолы болмаған қалыңдық заңгерлердің көмегіне жүгініп, ажырасуға арыз берді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары