08.10.2019, 12:30

23 кг марихуананы тасымалдауға әрекеттенген Шымкент тұрғыны ұсталды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 266-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Лаңкестікке қарсы "Көкнар"операциясын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Алматы-Ташкент тас  жолындағы Айша бибі-Жамбыл ауданына қарасты ауылдан Lada-21713 жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД-нің баспасөз қызметі Skifnews.kz ақпарат порталына.

Көлікті тінту кезінде Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 23 кг 220 г болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін мойындап, тергеу изоляторына қамалды. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 266-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.