Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың дамуы бойынша жиналыста шенеуніктердің отырған отырысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Байқаймын, жиналыс кезінде отырыс біртүрлі. Біз мұнда отырмыз, шақырылған орындаушылар, мәслихат депутаттары бір-біріне қарап отыр. Бұл қайдан шыққан креатив? Жиналыстың өзінің классикалық отырғызу үлгісі бар емес пе? Мүлде үйлесімсіз креатив. Адамдар бір-біріне қарап отыр, ыңғайсыз», - деді Президент.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде елорданың дамуы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жиналыс өтіп жатыр.