Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы құрылысы мәселелер жөніндегі кеңесте қаланың бірқатар аудандарындағы тұрғын үйлердің құрылысы туралы сөз қозғады. Ол қала құрылысы бойынша бірыңғай саясаттың жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.
Өз сөзінде мемлекет басшысы шаһарда қала құрылысы бойынша бірыңғай саясаттың болмауы бірқатар аудандағы ретсіз, бейберекет құрылысқа алып келеді.
«Көшелер мен ғимараттардың көркемделуінде бірыңғай үйлесімді стиль жоқ. Сіздер елорданы көру үшін арнайы келетін туристерді пікірін естіген боларсыздар. Жалпы алғанда, әрине, пікірлер жақсы. Алайда қалада эклетика бары айтылуда», - дейді Тоқаев.
Сонымен қатар, президент мұндай құрылыста жайлылық жоқ екенін атап өтті.
«Бір ғимарат бір стильде, келесісі басқа стильде салынған. Және ең бастысы – жайлылық жоқ. Асфальт жарылып кеткен, желек аз. Жалпы, қаланы күтіп қарайтындай тәрізді сезім жоқ. Иесіз қала сияқты», - дейді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Тоқаев бұл туралы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да айтқанын еске салды. Ол қаланың ахуалын аудан әкімдері қадағалауы тиіс екенін айтты.
«Сәулетті ғимарат алыстан жақсы көрінеді. Ал жақын келіп қарасаң, «күтілмегені» байқалып қалады. Ие керек. Бәрінен бұрын, аудан әкімдері ие болуы керек. Олар кабинетінде отырмай, жаяу жүріп, тұрғындарды, әр ғимараттың тіршілігін, сол ғимаратта тұрып жатқан адамдардың өмірін білуі керек.
Кабинетте кешке, сағат 6-7-ден кейін тиісті құжаттарға қол қою үшін отыруға болады. Әзірге кеш емес. Мен қала көшелері мен ғимараттарының көркемделуінің бірыңғай дизайн-кодын дайындауды талап етемін», - деді президент.