Павлодарлық аға лейтенат Нұрсұлтан Хасанов Анапада кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырына шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Турнирде 27 мемлекеттен келген спортшылары бақ сынасқан. Хасанов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
"Оңай болған жоқ. Ақтық сында ирактық кикбоксёрмен кездестім. Жақсы дайындықпен келген оны мен жеңе білдім.
Ресей құрамасынан бөлек, Түркияның, Өзбекстан мен Ирактың көрсеткен өнерлері ұнады. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мен Қазақстанның туы көкке көтерілгеніне қуаныштымын", - деді ол.