$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандық әскери ұшқыштар туралы сериал түсірілді

Олар аспанға қарай ұмтылады және оны бағындыруды армандайды.

Қазақстандық әскери ұшқыштар туралы жаңа сериалдың тизері жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен әскери ұшқыштар, олардың алдында тұрған ауыр міндеттер және туыс-бауырдай жақындасып кеткен әскерилердің өмірі туралы жаңа сериал түсірілді. Түсірілім жұмыстары Талдықорғандағы Қазақстан Қарулы Күштерінің авиация базасында жүргізілді.

Сериал кейіпкерлері – Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің жас ұшқыштары, ЖОО аяқтағаннан кейін әскер қатарында қызметін бастайтын оқу үздіктері. Олар аспанға қарай ұмтылады және оны бағындыруды армандайды.

Сериалдың алғашқы көрсетілімі қараша айында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары