$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан мен Ресейдің хоккейшілері алаңда жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Бастапқыда қазақстандық Никита Волосенков пен ресейлік Никита Ефремов ойынның ақтық минутында төбелесіп қалды.

Өскемендік «Алтай» және Новосібірдің «Сибирские снайперы» хоккей командаларының арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиғаның видеосы жарыстың  YouTube-арнасында пайда болды. 

Қазақстандық және ресейлік хоккейшілер арасындағы төбелес Жастар хоккей лигасы ойынының барысында орын алды. 

Бастапқыда қазақстандық Никита Волосенков пен ресейлік Никита Ефремов ойынның ақтық минутында төбелесіп қалды. Бұл кезде «Алтай» командасы 2:1 есебімен алда келе жатқан еді.

Төрешілер оларға жаза тағайындап жатқан уақытта өзге де хоккейшілер төбелесе жөнелді. 
Ойын комментаторы жаппай төбелесті «мұздағы қырғын» деп атады. 

Нәтижесінде, «Алтай» командасына айыппұл ретінде 134 минут берілсе, алаң иелеріне 124 минутқа айыппұл салынды.

Айта кетсек, бүгін, 9 қазанда, қос команда тағы да ойын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары