Жаңалықтар 09.10.2019 сағат 09:45

Елімізде күзетшілікке маман жетіспейді

Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына: санитарлар, жүк автокөліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді.
Елімізде күзетшілікке маман жетіспейді
СҚО ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша күзетшілер электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындар санының ара-қатынасы бойынша Қазақстандағы ең тапшы мамандықтардың көшбасшысы болып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары атап өткендей, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың) кірді.

Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына: санитарлар, жүк автокөліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді.

Республика бойынша еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді, ал күзетшілердің жалпы бос орындар санының үштен екісі 2 өңірге тиесілі екендігін айта кету керек. Қостанай облысында (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласында (1034 бос жұмыс орны) осы кәсіптің адамдары неғұрлым сұранысқа ие.

Ал Шымкентте күзетшілер тапшы 25 мамандықтың тізіміне де енбей қалған. Еліміздің Оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие орта мектеп мұғалімдері (935 бос орын) болды.

2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша электрондық еңбек биржасындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарының талдауымен толығырақ мына жерден танысуға болады: https://iac.enbek.kz/ru/node/719.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша еңбек нарығында күзетшілердің 4,4 мыңнан астам бос лауазымына сұраныс болған жоқ. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне (2.6 мыңнан астам бос жұмыс орны), тазалағыштар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тасушылар (2,1 мың) кірді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар