Англиядағы Глостершир графтығының дәрігері печеньеден адамның тісін тапты, деп жазды The Sun басылымына сілтеме жасаған Sputniknews.kz.
90 жастағы Джордж Бердвуд күн сайын таңертең шаймен печенье жеп жүрген. Алайда бір күні тәттіні жеген кезде қатты затты сезген. Кейін оның тіс екенін көріп, жағасын ұстады. Дәрігер тіс шіріп, түбімен түскенін айтады.
Джордж Бердвуд печеньенің ішінен шыққан тіс 50 жастағы әйелдікі деген ойда. Ол печеньені дайындаған кезде тіс ұнға түсіп кетуі мүмкін деп отыр.
Зейнеткер өнімді дайындаған компанияға хат та жазыпты. Алайда жөнді жауап ала алмаған.
"Тамақтың қауіпсіз болуы – басты міндетіміз. Біз тұтынушылардың арызына үлкен жауапкершілікпен қараймыз, - делінген хабарламада.
Компания өкілдері дәрігермен сөйлескенін, тексеру жұмысын жүргізу үшін тісті жіберуін сұраған.