$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 2 мың жыл бұрынғы ежелгі жазбалар табылды (ВИДЕО)

Таулы аймақтарда алғаш рет жұмыс істеген ғалымдар маңайдағы тастардан ерекше біреуіне кезігіп, одан екі қатар салынған белгілерді байқапты.

Жергілікті археологтар оларды мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында орналасқан Үш Бастөбе қалашығының етегіндегі қорымнан анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Таулы аймақтарда алғаш рет жұмыс істеген ғалымдар маңайдағы тастардан ерекше біреуіне кезігіп, одан екі қатар салынған белгілерді байқапты. Мамандардың айтуынша, бұл – ежелгі жазба және оған 2 мың жылдан асқан. «Аталған жазбалар біздің заманымызға дейінгі алғашқы ғасырларда қазақтың ата-бабаларында жазу болғанын көрсетеді», - дейді тарих ғылымдарының докторы Александр Подушкин. 

Оның сөзінше, ежелгі адамдар бұл таңбаларды жазу үшін ерекше тастарды таңдаған. Ғалым, тіпті, оның руна жазбаларымен ұқсастығы бар екенін айтады. 

Александр Подушкин, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

«Адамдар ол кезде кварцы бар тастарды таңдаған. Міне, сондай тастарға екі-үш қатар түрлі белгілер таңбаланған. Олардың осыдан 2 мың жыл бұрынғы заманға тиесілі екенін нақты айта аламыз». 

Таңбалы тастан бөлек, ғалымдарды Үш Бастөбе қалашығының өзінен табылған өзге жәдігерлер де қуантып отыр. Олар – таңбалы ыдыстар, пышақ, сүйектер, қару-жарақ қалдықтары пен тас диірмен. Сондықтан ғалымдар, бұл аймақта қазба жұмыстары одан әрі жалғастырмақ. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары