$ 494.87  520.65  4.91

«Енді ғана оянып жатырсыздар!» Нығматулин Назарбаевтың бұйрығы орындалмағанына ренжіді

Мәжіліс төрағасы құжатты дайындау мен келісудің ұзақ рәсімдерін сынады.
фото: almaty.tv/kz
фото: almaty.tv/kz

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқыланды, деп хабарлайды zhasalash.kz.

 Н. Назарбаев Жастар жылында «Жас маман» бағдарламасын дайындауды Үкіметке тапсырылған болатын. Алайда, осы бағыттағы қажетті шаралар іске асырылмаған. Мәжіліс төрағасы құжатты дайындау мен келісудің ұзақ рәсімдерін сынады. 

«Тапсырманы орындамаудың себебінің өзі наразылық тудырады, яғни бұл жағдай бағдарламаны жүзеге асыру тәртібін дайындау мен келісу кезіндегі жай ғана қағазбастылықпен түсіндіріліп отыр. Бір құжатты келісу шараларына 9 ай мерзім жұмсалған. Бір ғана бұйрықты дайындауға осыншама уақыт кетті. Менің ойымша, бұл жайт жастардың мүддесін қамтитын маңызды бағдарламаны жүзеге асыру кезінде бюрократиялық әуре-сарсаңның жарқын үлгісін көрсетіп отыр. «Жастар жылы» болса аяқталуға таяп қалғанда, сіздер енді ғана оянып жатырсыздар», - деді Мәжіліс төрағасы.

Н. Назарбаев «Жастар жылын» жариялағанда тапсырған бұйрығы әлі орындалмағанына қарағанда, жыл ақталғанда бұл бағдарламаның іске аса қоюы да неғайбіл. Бірақ, бұндай үрдіс біз үшін үйреншікті жағдай боп кеткен жоқ па?! Бір жаманы...
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары