$ 449.58  486.94  4.86

Батыс Қазақстан облысында бір тәулікте 8 дала өрті тіркелді

Оралда кеше кешкісін Комсомол көшесі 96/2-мекенжайында тұрғын үй өртеніп кетті.
Фото: Қаз Ақпарат
Фото: Қаз Ақпарат

Батыс Қазақстан облысында бір тәулікте 8 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандары мен Орал қаласында Ысқырықтау (Свистун гора), «Сарытау» шағынауданы жанындағы жерлер отқа оранды.

Атап айтқанда, Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінде Байбоз 2 елді мекенінде 46 га, Алғада 42 га жерде құрғақ шөп жанды.

Тасқала ауданы Мерей ауылдық округінде Турчинде – 33 га, Красновта – 28 га, Сладонда – 37, Ақбаста – 26 га, Аққайнарда – 29 га, «Атамұра» шаруа қожалығында – 35 га, «Нұр» ШҚ-да – 32 га, «Алан» ШҚ-да – 34 га, «GSB Агро» ЖШС-да 23 га құрғақ шөп өртенді.

Бәйтерек ауданында Дариян кенті Набережная көшесі 10-мекенжайында – 100 шаршы метр, Көшім ауылдық округі Өркен елді мекенінде 23 га, Щапов ауылында «Жайна» ШҚ-да 46 га құрғақ шөп күлге айналды. Қаражар ауылында Деркөл өзенінің жағалауында 17 га құрғақ шөп пен қамыс жанды. 

Орал қаласында Ысқырықтауда 23 га, «Сарытау» маңында 1 га дала шөбі жалынға шарпылды. 

Дала өрттерін сөндіруге жеке құрамнан, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру жасақтарынан адамдар жұмылдырылды. 

Сонымен қатар Оралда кеше кешкісін Комсомол көшесі 96/2-мекенжайында тұрғын үй өртеніп кетті. 

Жеке тұрғын үйдің төбесі отқа оранғаны жөнінде сағат 20.10-да хабар түскен. Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды. 

Жалын көршілес орналасқан Ғ.Қараш көшесі 8/1 және 8-үйлердің шаруашылық құрылыстарын да (әрқайсысы 5 шаршы метрден) шарпыды. 

Өртті сөндіруге 21 адам, 4 техника жұмылдырылды. 

«Тілсіз жау» 21.13-те оқшауланып, 21.42-де ауыздықталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#БҚО