$ 447.4  477.55  4.76

«Air Astana» компаниясымен соттасқан Оғыз Доғанды «Fly Arystan» ұшаққа кіргізбей қойды

Оғыз Доған отбасымен Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшпақ болған.
Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Ұшақта қазақша қызмет көрсетуді талап етіп, "Air Astana" компаниясымен соттасқан Оғыз Доған қара тізімде боп шықты. Бұл туралы Оғыз Доған өзінің  фейсбуктегі парақшасында хабарлады, деп жазады SN.kz ақпарат порталы. 

Оғыз Доған отбасымен Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшпақ болған. Алайда әуежайда оларды "Fly Arystan" компаниясының қызметкерлері ұшаққа мінгізбеген. Себебі "Air Astana" әуе компаниясы Оғыз Доғанды "қара тізімге" енгізіпті. Ал "Fly Arystan" "Air Astana-ның" еншілес компаниясы болғаны үшін тәртіпке бағынуларына тура келген. 

Оғыз Доған бөліскен видеодан өзін Сұңғат деп таныстырған "Fly Arystan" компаниясының өкілі жолаушыға күте тұруын өтініп жатқанын көруге болады. Десе де Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ сағат 14.55-те Шымкент қаласына ұшып кетті, ал Оғыз Доған отбасымен рейстен қалып қойды.

Қоғам белсендісі бұл жағдайды компаниямен соттасқаны үшін олардың кек алып жатқаны деп бағамдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Оғыз Доған