$ 494.87  520.65  4.91

«Kolesa.kz» сайтына жалған ақпарат орналастырған алаяқ сотталды

Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Интернет-сайтқа жалған хабарландыру орналастырып, екі азаматтың 8 млн теңгесін иемденген алаяқ сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сот ақпаратына сәйкес, азамат Д. 2018 жылы «кolesa.kz» интернет-сайты арқылы нарықтағыдан арзан бағамен премиум-санаттағы көліктерді сататыны туралы хабарландыру орналастырған. Сөйтіп, биыл сәуір айында 2012 жылы шыққан «Toyota Land Cruiser» көлігін 8 млн теңгеге сатып алғысы келген елорда тұрғынын алдап соққан. 

Ол іс жүзінде жоқ автомобильді мемлекеттік мекемеден сатып алу қажеттігін айтып, одан 4 млн теңге алған. 
Сондай-ақ биылғы маусым айында сайттағы хабарландыру бойынша 2014 жылы шыққан «Nissan Patrol»-ды 7,5 млн теңгеге сатып алмақ болған тағы бір азаматты сан соқтырған. Оның 4 млн теңгесін иемденіп, өз міндеттемелерін орындамаған. 

«Нұр-Сұлтан қаласы №2 Есіл аудандық сотының үкімімен азамат Д. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ соттың осы үкімімен зардап шеккендердің әрқайсысының пайдасына 4 млн теңге өндіріп алынды. Үкім заңды күшіне енді», - деді соттан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары