$ 443.85  474.3  4.8

Нұр-Сұлтандағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері екінші мәрте тамақтан уланды

Қазіргі уақытта студенттердің тамақтан улану фактісі бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Сәдуақас Байғабылов елордада тамақтан уланған студенттерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері екінші мәрте тамақтан уланып, жұқпалы аурулар ауруханасынан бір-ақ шыққан. Унивеститет қабырғасындағы шағын және орта кәсіпкерлік нысан білім ордасын тамақпен қамтамасыз ететінін баса айта кетелік.

Қазіргі уақытта студенттердің тамақтан улану фактісі бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.

"Тексеру нәтижелері бойынша уланудың себебі анықталып, ШОБ тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау және сату кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді дұрыс сақтаған ба, соған сәйкес баға беріледі. Студенттер 7 қазанда жұқпалы аурулар ауруханасына іштері бүріп ауырған соң жатқызылды", - деді Сәдуақас Байғабылов.

Улануға байланысты кәсіпкер өз еркімен университетте тамақ беруді тоқтатып, санитарлық күн жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары