$ 447.4  477.55  4.76

«Отанына опасыздық жасады»: саясаттанушы қатаң режимдегі түрмеге отыруы мүмкін

Қалалық сот бұл үкімге қатысты ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты, өйткені бұл іс «құпия» деген белгімен таңбаланған.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Қазақстанда белгілі қытайтанушы-саясаттанушы ғалым Константин Сыроежкин 10 жылға сотталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«2019 жылдың ақпан айында белгілі қытайтанушы, Қазіргі Қытай саясаты бойынша маман Константин Сыроежкин тұтқындалған. Оған Отанына опасыздық жасады деп айып тағылды. Сот процесі жабық өтті. Константин Львовичке 10 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын арнайы қатаң режимдегі түрмеде өткізу, одан соң азаматтығынан айыру жазасы кесілгені белгілі болды», - деп жазды Ғалым Ақелеуов өз парақшасында.

Ол сотталушы өз кінәсін мойындамағанын, апелляциялық шағым беруден бас тартқанын да жазады.

«Өкінішке орай, осылай болды», - деп жазды бұл турасында саясаттанушы Андрей Чеботарев.

«Тергеу мен сот толықтай жабық түрде өткендіктен, бұған қатысты қазір объективті түрде бірнәрсе айту қиын», - деді ол.
Қалалық сот бұл үкімге қатысты ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты, өйткені бұл іс «құпия» деген белгімен таңбаланған.

Айта кетсек, осы жылдың мамыр айында белгілі саясаттанушы, профессор Константин Сыроежкиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

«2019 жылғы 15 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1956 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматы Константин Львович Сыроежкинге қатысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2-тармағы, яғни «Отанына опасыздық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 ақпанда Алматы қалалық тергеу сотының шешімімен оған тұтқындау шарасы белгіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары