$ 498.34  519.72  4.85

Еліміздің 3 облысында күн райы бұзылады

11 қазан күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қызылорда, Маңғыстау және Қостанай облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

11 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 

11 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатың желдің күші 18 м/с дейін күшейеді. 

11 қазан күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

11 қазан күндіз Ақтау қаласында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы