БҚО-да 21 жастағы мұғалім қыздың асылып көз жұмғаны белгілі. Бұл жайлы марқұм қыздың анасы айтып берді. Мұғалімнің денесі орманан табылды.
Көршісі асылып қалған қыздың мәйітін тауып алды. Алайда жақындары не себепті қызының мұндай қадамға барғанын білмей дал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделяғасілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде қырқын өткізіп, қайғыдан қан жұтып отырған анасы қызына бар жағдайды жасағанын айтады. Ақшадан тарықпаған көрінеді. Күйеуі екеуінің жеке бизнесі болған. Қызы мұғалім болуды қалап, жақында мектепке кірген беті екен.
Жұмыстастарымен де, достарымен де жақсы қатынаста болды дейді анасы. Анасы көңілінде қалған бір жайтты баяндады.
"Күйеуімнің қарындасы 21 жасында асылып көз жұмған. Туыстарым қызымды соған ұқсатушы еді. Сол кезде оның жолын жасамасын деп тілейтінмін. Кейін сол жасында қызым да асылып қалды. Себебін түсінбеймін", - дейді анасы.