$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 6 бала асханада уланып қалды

Болатханұлы осы орайда балалардың ата-анасынан кешірім сұрады.

Павлодар ауылының мектебінде 6 бала асханада уланып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

"Жағдай жеке бақылауымда. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады»,- деп жазды Дінислам Болатханұлы. 

Қазіргі таңда мектепте Павлодар қалалық білім беру бөлімінің және қоғамдық денсаулықты бақылау органының өкілдері жұмыс жасап жатыр.

Болатханұлы осы орайда балалардың ата-анасынан кешірім сұрады. 

"Болған жағдайға қатысты жауапкершілікті сезініп, денсаулықтарына қауіп төнген балалардың ата-анасынан кешірім сұраймын. Қазір 5 бала емханада, б1-еуі үйінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы қанағаттандырарлық. Олардың тез жазылып кетуін тілейміз»,- деп атап өтті ол. 

Шешім санэпидемиологтардың ресми қорытындысынан кейін шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар