$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде 1 млн ағаш отырғызылады

3 қазанда, Қазақстанның барлық мектебінде #экосағатқазірбаста экологиялық сағаты өтті.

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде ағаш егу жөніндегі ауқымды акцияның жалғастырылатынын хабарлады.

"Құрметті достар! Біз #Birge #JasylQazaqstan акциясын бастаймыз.12 қазаннан бастап, кең көлемде ағаш егу жүргізіледі. Біздің шамалауымызша, күзде елімізде 1 млн ағаш оытрғызылады", - деді Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

Нұр-Сұлтан қаласындағы акцияға, мәселен, министрлер кабинетінің мүшелері, парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және басқалар қатысатыны жоспарлануда. Қарағай, қайың, шаған, терек, жөке, бөртегүл, өрмегүл, үйеңкі, алма ағашы отырғызылады. Ағаштар Ұлы дала даңғылы бойына, Шыңғыс Айтматов көшесіне, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне қойылған монумент саябағына, Ботаникалық баққа отырғызылады.

Минитсрліктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағаш отырғызу кезінде волонтерлердің қатысуымен басқа бір, полиэтилен пакеттерден бас тарту акциясы да өткізіледі. Бұл қоқыстарды бөлектеп жинау мәдениетін енгізуге арналған. Бұдан бұрын, ҚР Экология министрлігі, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы мұндай пакеттерді тегін беруді тоқтатуды қарастыратын меморандумға қол қойған болатын. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайда пластик қолдану 30%-ке азаяды. 

Атап айтсақ, 3 қазанда, Қазақстанның барлық мектебінде #экосағатқазірбаста экологиялық сағаты өтті. Оның шеңберінде министрлер, әкімдер, көрнекті қоғам қайраткерлері оқушыларға табиғатты қорғау туралы әңгімеледі. Сабақ бірге ағаш отырғызумен аяқталды. Бұл күні республика бойынша барлығы 200 мың ағаш көшеті отырғызылды. Экология министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев экологиялық сағат барысында балаларға суды үнемдеудің қажеттігі, үнемді пайдалану, табиғатты аялау, көкті жұлмау, қоқыстарды бөлектеп жинау туралы әңгімеледі.

Еске салсақ, Қазақстандағы ауқымды экологиялық қозғалыс #Birge #TazaQazaqstan акциясынан басталып, ол ел басшылығы тарапынан қолдау тапқан еді. 400 мыңдай қазақстандық су жағалауларын тазалауға қатысты. Елімізде барлығы 400 тоннадан аса қоқыс жиналды. Нұр-Сұлтаннан бастау алған акцияға ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті мүшелері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, спортшылар, волонтерлер, астана тұрғындары мен қонақтары Есіл мен Қарасу өзенінің жағасын тазартты. 16 тонна қоқыс шығарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көшет