Жаңалықтар 12.10.2019 сағат 09:40

Шет ауданында халық әндерін орындаушылар арасында республикалық байқау өтті

Сахнада Нұр-Сұлтан, Балқаш, Көкшетау, Шахтинск, Бұқар жырау, Ақтоғай, Қарқаралы, Медеу, Қарасай, Шет аудандарынан, Жезді, Шашубай кенттерінен және С. Сейфуллин атындағы ауылдардан 17 қатысушы өнер көрсетті.
Шет ауданында халық әндерін орындаушылар арасында республикалық байқау өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды облысының Шет ауданында халық әндерін орындаушылар арасында алғашқы республикалық байқау өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жастар жылы мен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналды. Аудан әкімі Марат Жандәулетов қатысушыларды құттықтады.

Шет ауданының мәдениет үйінде «Сұлу жырдың сұңқары – Сәкен» атты халық әндерін орындаушылар арасында алғашқы республикалық байқау өтті. Сахнада Нұр-Сұлтан, Балқаш, Көкшетау, Шахтинск, Бұқар жырау, Ақтоғай, Қарқаралы, Медеу, Қарасай, Шет аудандарынан, Жезді, Шашубай кенттерінен және С.Сейфуллин атындағы ауылдардан 17 қатысушы өнер көрсетті.

Байқау басталмас бұрын қатысушылар мен көрермендер үшін «Рухани жаңғыру – ұлттық өнердің асыл мұрасы» және «Рухтың мекені – қазақтың Сәкені» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрермендер «Сәкеннің арманы» атты театрландырылған қойылымын тамашалады. Көптеген байқаулардың лауреаты Әнуар Адамбаевтың орындауында Бота Ноғаеваның «Сәкен» әнінің тұсаукесері өтті.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысы екі әннен орындады: Сәкен Сейфуллиннің және кез келген халық әнін. Сахнадан «Тау ішінде», «Көкшетау» және «Сыр сандық» әндері шырқалды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Е. Мұстафин атындағы номинацияда ҚХР-нан келген орындаушы А. Қазытай жеңіске жетті. М. Жапақов атындағы номинацияда Нұр-Сұлтан қаласының әншісі Ж. Иманбай жеңіске жетті. Д. Сәдуақасов атындағы номинацияда Қарағанды қаласынан Е. Сәдуақасова үздік деп танылды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Нұр-Сұлтаннан келген Ж. Маясаров иеленді. Оған 250 000 теңгеге сертификат табыс етілді. Бірінші орынды Көкшетау қаласының орындаушысы Ш. Сәрсенбай, екінші орынды Шет ауданынан келген әнші М. Осатаева, үшінші орынды Алматы облысының әншісі Н. Елемесов иеленді.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар берілді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар