$ 445.66  474.58  4.78

«Жаңғыру жолы» қозғалысының Қарағанды және Павлодарлық штабтары ынтымақтастық туралы келісім жасады

Павлодар қаласының Достық үйінде Қарағанды облысының «Елтану» республикалық туристік-өлкетану экспедициясының қатысушыларын қарсы алды.

Павлодар қаласының Достық үйінде Қарағанды облысының «Елтану» республикалық туристік-өлкетану экспедициясының қатысушыларын қарсы алды. Оның құрамында ақындар, әншілер мен күйшілер, журналистер, аудармашылар, мұғалімдерден құралған 20-дан астам адам бар. Олар Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне аралайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Елтану» экспедициясы (https://karaganda-region.gov.kz/ru/news/id/28196) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Өз жеріңді таны» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін нығайту, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

Павлодар қаласының Достық үйінде экспедиция қатысушыларымен этномәдени бірлестіктердің, аналар кеңесінің, «Жаңғыру жолы» РЖҚ жергілікті штабының өкілдері, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері,

Қ. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің мұғалімдері кездесті.

Экспедиция мүшелері Бұқар жырау, Мұса Шорманұлы, Мәшһүр Жүсіп кесенелерін, Қаныш Сәтпаев мұражайын, Қоңыр әулие үңгірін, Сақ қорғандарын және Баянауыл ауданының басқа да қасиетті орындарын аралады.

- Экспедицияның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұрасын тануға жастардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету болып табылады. Біз киелі жерлермен жақынырақ танысуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Ертіс өңірінде бізді жақсы қарсы алды. Керемет жылы қабылдап, қарсы алғандарыңыз үшін рахмет, - деді Қарағанды облысының ҚХА жастар қанаты басшысының орынбасары Ханануз Расулова.

Кездесуде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Павлодар және Қарағанды облыстарының штабтары өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Павлодардан кейін экспедиция Абайдың туған жері Семей қаласына аттанды.

assembly.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары