$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде бопсалау арқылы пара алған заң қызметкерлері сотталды

Оның бұл пиғылын жүзеге асыруға кеңсе басшысы мен қорғаушы көмектескен.
фото: egov.kz
фото: egov.kz

 Өскеменде сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот отырысы аяқталды. Судья, қорғаушы және қалалық №2 сот кеңсесінің меңгерушісі 5, 4, және 2,5 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Белгілі болғанындай, істі болған күдікті ауыр қылмысты жеңіл түріне алмастыруға, яки жазадан біржола құтылып кету үшін судьяға 200 мың теңге берген. Оның бұл пиғылын жүзеге асыруға кеңсе басшысы мен қорғаушы көмектескен. Бұдан бөлек, бұрынғы қаржы полициясының ісіне қатысты да сот шешімі шықты.

 Енді мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу басқармасының жетекшісі алдағы 7 жылын темір торда өткізеді. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін істі болды.

Назгүл Рахметуллина, облыстық соттың үйлестіруші-судьясы:

"Ол жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорынан қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін 12 миллион теңгеден астам қаржы алған. Сот оны бопсалау арқылы пара алғаны үшін кінәлі деп тапты". 
 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары