12.10.2019, 12:45

Президент Тоқаев сенбілікке қатысты

фото: akorda.kz
Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірге Жасыл Қазақстан" шарасының аясында Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Шараға премьер-министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты. 

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар, биыл күзде "Экологиялық сағат" шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.