Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқастың шарттарын қарастыруға дайын екендігін және оның барысында бизнес тұрғысындағы пайдаға көңіл бөлетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат - Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Головкин мен үшін сұсты қарсылас еместігін бұған дейін айтқан болатынмын. Дегенмен, бұл жекпе-жек – жақсы бизнес. Сондықтан, олар маған шынымен де жақсы ұсыныс жасаса, үшінші айқас өтуі мүмкін», - деді «Канело».