14.12.2015, 05:31

Долар бағамы 330 теңгеге жетті

Алматыдағы валюта айырбастау орындарында теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы 327-330 көрсеткішіне жетті деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кету керек, ақша алмастыру орталықтары қазір АҚШ валютасын тек сатып алып жатыр. Сатылымда доллар жоқ.

Ал, KASE қазақстандық қор биржасының таңертеңгілік сессиясында америкалық 1 доллардың бағамы 322,47 теңгеге жетіп тоқтады.

Естеріңізге салайық, өткен аптаның соңында теңге тағы құлдырап, оның 1 долларға шаққандағы құны 314-ке жеткен болатын.