$ 444.22  476.38  4.82

Иранға қарсы: АҚШ Сауд Арабиясын қаруландырды

Бірақ ресми Вашингтон бұл әскери күш тек Сауд Арабиясының қорғанысын нығайтуға бағытталғанын айтады.
Фото: Avrupa Gazete
Фото: Avrupa Gazete

АҚШ Сауд Арабиясына тағы 3 мың сарбаз аттандырып, 2 «Пэтриот» және 1 «ТЭД» әуе қорғанысы кешенін жөнелтеді, деп хабарлайды "Хабар24".

Пентагонның мәлімдеуінше, бұл өткен айда Корольдіктің 2 мұнай зауытына жасалған шабуылға қатысты шара. Себебі Ираннан төнген қауіп күшейген. Бірақ ресми Вашингтон бұл әскери күш тек Сауд Арабиясының қорғанысын нығайтуға бағытталғанын айтады. 

Еске сала кетейік, өткен айда Сауд Арабиясының 2 мұнай зауыты дрондармен атқыланып, Вашингтон Иранды айыптаған еді. Бірақ Тегеран бұл Йемендегі хуситтердің ісі дейді.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ