$ 449.3  489.69  4.89

Африкада атыс боп, 16 адам ажал құшты

Қарулы шабуыл Салмосси ауылында болған. Шабуылды содырлар жасаған.

Африкада мешітте атыс болып, 16 адам қаза тапты. Тағы екеуі ауруханада ауыр халде жатыр. Мәлімет бойынша, бұл содырлардың ісі.

Африканың батысындағы Буркина-Фасо мемлекетінде мешітте атыс болып, 16 адам қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды BBC News.

Қарулы шабуыл Салмосси ауылында болған. Шабуылды содырлар жасаған. Әзірге бірде-бір лаңкестік топ атыс үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ.

Буркина-Фасо елінде екі ірі террористік топ бар. Олар: «Ансар уль-Ислам» және «Ислам мен мұсылмандарды қолдау тобы».

Жергілікті тұрғындардың көбі ауылдан жақын маңдағы аудандарға кетіп қалған. Адамдардың көпшілігі Малиге қашып кеткен.

Қазан айының басында тұрғындар бірден бірнеше қалада наразылық акцияларын өткізген болатын. Олар исламшылардың шабуылымен күресу үшін шетелдік әскерлерді елге кіргізуді талап еткен еді.

Мәлімет бойынша, содырлар 2015 жылы белсенді әрекет ете бастаған.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Африка