$ 494.87  520.65  4.91

Семейде ер адам сүйіктісінің атына 3 несие алған

«Келіншек Затон полициясы бөліміне алаяқтық фактісі жөнінде арызданды.

Семейде сүйіктісінің атына үш несие алған ер адам тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Келіншек Затон полициясы бөліміне алаяқтық фактісі жөнінде арызданды. Ол 3 қазан күні белгісіз адамдар оның атына «Money man», «Шын сөз», «Вики» сайттары арқылы 538 000 теңгеге 3 онлайн-несие рәсімдегенін айтты», - деді ведомстводан. 

Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері алаяқты ізін суытпай қолға түсірді. Белгілі болғандай, несиені зардап шеккен әйелмен бірге тұратын 31 жастағы ер адам рәсімдеген. Ол келіншектің құжаттарының реквизиттері мен банк картасының нөмірін пайдаланған. 

Аталмыш дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Семей