$ 444.22  476.38  4.82

Алматы облысынында су бөгеті жарылып, үйлерді шайып кеткен (ВИДЕО)

Жолдар шайылып, жүзден астам адам тау бөктерінде қалып, қайта алмай отыр. Куәгерлердің сөзіне сенсек, су тасқыны талай үйді алып кеткен, деп хабарлайды Nur.kz.

Ағаштар құлап, үй жануарлары су астында қалған. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, департамент қызметкерлері құжаттарын алып, эвакуацияға дайын отыруды ескертіпті.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында ведомствоның тікұшақтары жағдайды әуеден бақылап жүргенін айтып, ақпаратты теріске шығарған болатын.

― Құтқарушылар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, ― делінген ТЖМ баспасөз мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта министрлік бөгеттің жарылғанын мойындады. Ал бүгін таңертең ғаламторда талай үйді алып кеткен су тасқынының видеосы мен суреттері пайда болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары