АҚШ-та Азамат Тәжаяқовқа қатысты сот ісіне соңғы нүкте қойылады деп күтілуде. Егер 12 алқа би мен 6 судья жерлесімізді «Жохар Царнаевтың сыбайласы» деп тапса, ол кемі 25 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ал кеше айыптаушылар мен қорғаушылардың сөз жарысына кезек берілді. Процеске шақыртылған куәгерлер жауабының дені Тәжаяқовты ақтағанына қарамастан, прокурорлар айыптарын өзгеріссіз қалдырды.
«Ал отандасымызды қорғаған 6 адвокат Азаматтың кінәсіздігін дәлелдейтін біршама дәйек келтірген. Ең бастысы – Федералдық тергеу бюросының қос агентінің өтіріктері шығып қалғандықтан Тәжияқовқа қатысты оң шешім қабылдануы мүмкін», делінген телеарна сюжетінде.
— Таңертең бірінші прокурорлар сөйлесті. Өздерінің айғақтарын келтірді. Сол бұрнғы ескі әні. Сосын біздің адвокаттар сөйледі. Олар нақты 14 дәйек келтірді, — дейді Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.