$ 498.34  519.72  4.85

Сирия күрдтері Сирия әскерімен келісім жасады

Дүйсенбі таңда Асад әскері түрік әскері шабуыл жасайтын жолда болуы мүмкін Тел-Тамер қаласын алды.

Сирияның солтүстік-шығысын бақылайтын күрд қарулы жасақтары мен "Сирия демократиялық күштері" (SDF) Түркия шабуылынан қорғану үшін бірқатар қалаларға үкімет әскерін орналастыру жөнінде келісімге келді. Бұл келісім жексенбіден дүйсенбіге қараған түні, 14 қазанда белгілі болды. Сирия әскерінің өкілі бұған дейін "түрік басқыншылығына" қарсы тұру үшін солтүстікке аттану жөнінде бұйрық берілгенін мәлімдеген болатын.

Дүйсенбі таңда Асад әскері түрік әскері шабуыл жасайтын жолда болуы мүмкін Тел-Тамер қаласын алды. Сондай-ақ, бұрын АҚШ бастаған коалиция күштері пайдаланып келген Табка авиабазасы мен Сирияның солтүстік шығысындағы бірқатар пункттер Сирия әскерінің қолына өтті деген хабар тарады.

Келісім бойынша, Асад әскері түрік әскерінің жолындағы ірі қалаларға кіріп, Түркияның алдына не ұрысты тоқтату, не Сирияның тұрақты әскерімен ұрысқа кіру деген мәселені қоюы тиіс. Бұрын Анкара мұндай мүмкіндікті жоққа шығарған.

Сирия күрдтерінің өкілдері Асадпен әзірге тек әскери іс бойынша ғана келісім жасалғанын айтады. Сирияның солтүстік-шығысының саяси келешегі талқыланбаған. Оның сөзінше, АҚШ Сирияның солтүстігінен әскерін әкету жайлы шешім қабылдаған соң күрдтер Түркиядан қорғану үшін ресми Дамасктен көмек сұрауға мәжбүр болған.

Ресей әскері Сирия әскерінің солтүстікке жылжығанын қолдай ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Түркия билігі де әзірге жағдайды түсіндірген жоқ. Бұрын Анкара "Сирияда басталған операцияның мақсаты - Түркия мен Сирияның оңтүстігіне қарай 30 км қауіпсіз аймақ құру" деп уәж айтқан болатын. Түркия Сирия күрдтерінің қарулы жасақтарын террорлық ұйым деп санайды.

Заң шығарушылар тарапынан "Түркияның күрдтерге қарсы әскери операциясына кедергі болғысы келмеді" деген кінә артылған АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні "Түркияға қатаң санкция салу үшін сенаторлармен бірігіп жұмыс істеп жатқанын" мәлімдеді. Таяу арада Еуропа одағы да Түркияға санкция салу мәселесін талқылауы мүмкін.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сирия