$ 447.4  477.55  4.76

Алматылықтар ыстық сусыз қалды

Кезекті жылыту маусымына бір күн қалғанда болған апаттың себебі не?

Алматыда жылу құбыры жарылып, жүздеген үй ыстық сусыз қалды, деп жазады "Хабар24".

Кезекті жылыту маусымына бір күн қалғанда болған апаттың себебі не? 

Алмас Садуақас, тілші: 

– Су құбыры қаладағы Райымбек пен Бөкейханов көшелерінің қиылысында жарылды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға түске таяу болған. Апат салдарынан бірнеше көлік суда қалып, көлік иелері суға күйіп қалған. 

Қала тұрғыны Максим түске таяу уақытта Рысқұлов көшесінен Бөкейханов көшесіне бұрылады. Ойпатты жерде ыстық судың жиналып жатқанын байқаса да, тежелмеген. Дегенмен астындағы көлігіне сенгенімен, су ортасына келгенде көлік суға батты.   

Максим Маленков, қала тұрғыны: 

– Кептелістен айналып өту үшін осы көшеге түстім. Әуелде су деңгейі дәл осындай терең емес еді. Мен жылдам өте шығамын деп ойладым. Бірақ ол ойым жүзеге аспады. Санаулы сәтте көлігім суға батты. Дереу құжаттарымды алып, көліктің үстіне шығып, құтқарушыларды күттім. Бірақ олар тез арада келе қоймады.  

Көлге айналған көшеден өте шығамын деген бір ғана Максим емес. Суға батқан көлік үшеу. Ыстық судан жардап шеккен бір адам. Бірақ ол ауруханаға барудан бас тартты. Ал жылу құбырының тесілуіне құбырдың әбден ескіргендігі себеп, дейді мамандар. Салынғанына 50 жылға жуық уақыт болса да, осы кезге дейін күрделі жөнделмеген. Ал апаттан зардап шекендерге өтемақы берілмек. 

Әсет Масабаев, қалалық энергетика басқармасының басшысы: 

– Бәрін өзіміз көтеріміз. Бізде магистральдің жобасы бар. Биыл жұмыс бастағанбыз. Бірақ бастаған жұмыс учаскеміз Гоголя көшесінің төмен жағында. Бұл бағытта жұмыс жасалып жатыр. 

Алмас Садуақас, тілші: 

– Жалпы қаладағы жылу жүйелері мен су құбырларының 60 пайызы әбден ескірген. Энергетика басқармасының өкілдері бұл құбырларды жасаймыз деп отыр. Ал осы апатқа себеп болған су құбыры бүгін толық жөнделіп, кешкі сағат тоғыздан кейін осы аймақтағы 30-дан астам көп қабатты үйлер мен 95 жеке сектордағы үйлерге ыстық су беріледі деді мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы