$ 447.4  477.55  4.76

БҚО-да жол апатынан 3 адам қаза тапты

Жол апаттары Орал қаласында да жиілеп отыр.

Батыс Қазақстан облысында бір аптада жол апаттынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өткен дүйсенбіден бүгінге дейін 8 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3 адам мерт болып, 8-і түрлі жарақат алды. 

Жол апаттары Орал қаласында да жиілеп отыр. 13 қазан күні кешкісін Н.Назарбаев даңғылы мен А.Карев көшесі қиылысында «ВАЗ-21070» автокөлігі жаяу жүргінші өткелінде екі ер адамды қағып кетті. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 21.29-да шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті. 

Алдын ала мәлімет бойынша 1974 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. 1976 жылғы азаматтың жамбас еті көгерген. Екеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 

14 қазан күні сағат 14.50 шамасында тағы да Н.Назарбаев даңғылы бойында «Баспахана» аялдамасы тұсындағы жаяу жүргінші өткелінде «ВАЗ-2115» автокөлігі 17 жасар қызды қағып кетті. 

Құйымшақ сүйегі сынып, жабық бас-ми жарақатын алған 2002 жылғы қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#БҚО