$ 444.14  477.05  4.85

Шенеунік кондиционер «алам» деп жемқорлыққа «ұрынды»

Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша комиссияның төрағасы бола тұра осы аталған мемлекеттік мекемедегі бөлім басшысынан пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді.
фото: blognews.am
фото: blognews.am

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz — Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап.  

Маңғыстау облыстық Антикоррупциялық қызметі «Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқаны айтылады.

 «Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша комиссияның төрағасы бола тұра осы аталған мемлекеттік мекемедегі бөлім басшысынан пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді.  Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында аталған ММ-нің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысына қатысты облыс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын кедергісіз бергені және ұзартқаны үшін бірнеше рет 500-ден 1000 долларға дейін пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Тергеу шаралары жалғасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары