$ 494.87  520.65  4.91

Құжатсыз елік атқан табиғат «қаскөйлері» ұсталды

Тексеру барысында «Нива шевроле» маркалы автокөлігінің жүк салатын бөлігінен 12 калибрлі екі мылтық табылды.
фото: holanews.kz.
фото: holanews.kz.

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының аумағына полиция департаментінің қызметкерлері үш елікті атқан 39 және 40 жастағы екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды holanews.kz.

Заң бұзушылар мемлекеттік нөмірі жоқ «Нива шевроле» маркалы автокөлігімен жүріп бара жатқан. Көлікті тексеру барысында «Нива шевроле» маркалы автокөліктің жүк салатын бөлігінен 3 елік етін табылған. 

Ұсталғандардан бұл тұтас етті алып жүруге немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаттары жоқ. 

«Оқиға орнына Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы дереу шақырылды. Тексеру барысында «Нива шевроле» маркалы автокөлігінің жүк салатын бөлігінен 12 калибрлі екі мылтық табылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚР ҚК 337 бабы бойынша полицияда тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

•    Естеріңізде болса, 23 шілдеде «Охотзопромның» екі инспекторы Ақмола облысы Жарқайың ауданының аумағында браконьерлерді қуып жүрген кезде оқ жарақатын алған еді.

•    Жараланған инспекторлардың бірі Қаныш Нұртазинов ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Ал екінші инспектор Самат Оспанов жарақат алып ауруханаға түскен еді.

•    Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған Қаныш Нұртазиновты І дәрежелі «Айбын» орденімен, ал Самат Оспанова II дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары