Жаңалықтар 15.10.2019 сағат 13:00

Алматыда Қытайдың кәсіпорнына қарулы шабуыл жасалды: жергілікті тұрғындар болуы мүмкін

Полициядағылар қылмыстық топтың әрбір мүшесінің өзінің рөлі болғанын айтты. Біреуі сол кәсіпорында жұмыс істеген.
Алматыда Қытайдың кәсіпорнына қарулы шабуыл жасалды: жергілікті тұрғындар болуы мүмкін
Фото: Qasym.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысының полицейлері Қытайдың кәсіпорнына қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, деп жазады bugin.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 10 қазан, жұма күні таңертең маска киген белгісіз біреулер Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы кәсіпорынға шабуыл жасаған. Олар 37 жастағы есепші – Қытайдың азаматын соққыға жығып, пышақпен қорқытып, 3 миллион 200 мың теңге ақшаны қолды еткен.

Тергеушілердің болжамы бойынша компанияның кеңсесіне жасалған шабуылды жергілікті тұрғын ұйымдастырған.

"Тәулік бойы Іле ауданы мен облыстық полиция қызметкерлері бірлесе, алты күдіктіні анықтады. Олардың екеуі – 1995 және 1996, ал төртеуі 2000 жылы туған. Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысының тұрғындары. Пышақ пен ақшаның бір бөлігі қылмыстық тергеу материалы ретінде қарастырылады", - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігіне ("Қарақшылық") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полициядағылар қылмыстық топтың әрбір мүшесінің өзінің рөлі болғанын айтты. Біреуі сол кәсіпорында жұмыс істеген. Екіншісі көлікте күткен, ал өзгелері шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта күдіктілердің өзге қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар