$ 449.58  486.94  4.86

«Ұрлық үшін»: Сергей Безруков сотталды

Бесінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
фото: kazanfirst.ru
фото: kazanfirst.ru

Алматыда ресейлік актермен аттас Сергей Безруков есімді қала тұрғынына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алмалы аудандық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматылық Сергей Безруков 18 сәуірде қамауға алынған. Қыркүйектің басында оны ұрлық үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Ол көпқабатты үйдің жертөлесіне кіріп, 150 мың теңгеге бағаланға дөңгелектерді ұрлаған. Сосын тағы бір үйдің жертөлесіне кіріп, 197 500 теңгеге бағаланған құрылыс заттарын тонаған.  

Алматылық Безруков - уақытша жұмыссыз 44 жастағы ер адамның орта білімі бар. 2004 жылдан бастап, ол осымен бесінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #ұрлық