Шымкент әуежайында шу шықты. Әйел азаматы баласының туу туралы куәлігінсіз ұшпақ болған, алайда қызметкерлер тіркеуден бас тартқан. Ашуға булыққан келіншек «Air Astana» әуе компаниясының қызметкеріне тап берген. Бұл жайлы elitar.kz хабарлайды
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел азаматы 8 қазан күні әуежайға төрт кәмелетке толмаған баласы және бала күтушімен келген. Нұр-Сұлтан рейсіне тіркелу кезінде ол оның кәмелетке толмаған балаларының бірінің туу туралы куәлігі жоқтығына қарамастан, барлық жолаушыларды тіркеуді талап еткен.