Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті, деп жазады Elbasy.kz.
Кездесу барысында тараптар түркі әлемі елдері интеграциялық үдерісінің қазіргі жағдайы мен алдағы перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, тараптар аймақтық қауіпсіздікті және Еуразия құрлығы мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.