Ақтөбеде аулалардың бірінде пышақ жарақаты бар ер адам табылды. Оның алкоголь қолданғаны белгілі болды, деп хабарлайды NewTimes.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 11 қазан күні сағат 22:00 шамасында болған.
"Шұғыл іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде Қызылжар ауылының жас жігіті ұсталды. Қазір денсаулыққа қатты ұиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.